Түркия парламенті дауыс беруінің үшінші кезеңінен кейін заңды түрде парламент спикері ретінде Мұстафа Шентопты сайлады. Аталған депутат Әділеттік пен даму партиясының атынан сынға түскен болатын.
Дауыс беру кезінде Шентоптың кандидатурасын 542 депутаттың 336-ы қолдаған. Ал, Түркия Республикалық халықтың партиясының атынан сайлауға түскен Енгин Алтайға 124 парламентарии өз дауыстарын берген.
Естеріңізге сала кетейік, 18 ақпан күні Түркия парламент спикері Бинали Йылдырым өзінің отставкаға кететінін мәлімдеген. Ол өзінің бұл қадамын алда келе жатқан Стамбұл қаласы әкімінің сайлауына қатысатындығымен түсіндірген.
Осы орайда айта кететін бір жайт, 2018 жылы Түркия билігі президенттік басқару жүйесіне өткенде парламент спикерінің билік тармағы ретіндегі күш-қуаты қысқартылған.
Стамбұл қаласы әкімін сайлау 31 наурызда өтеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел