Зимбабве АҚШ долларынан бас тартпақ.
The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, 2009 жылдан бері АҚШ долларын өзінің ұлттық валютасы ретінде пайдаланып келген Зимбабве билігі енді айналымға жаңа ақша бірлігін енгізбек. Олардың бұндай қадамға баруына елдегі доллар тапшылығы мен қара нарықтағы доллардың қымбаттауы себеп болған.
Зимбабве әлемдегі ең кедей елдердің қатарына кіреді. 2000 жылы басталған экономикалық дағдарыс 2008 жылы Зимбабве экономикасын толықтай тас-талқан еткен. Мемлекеттік қарыз ЖІӨ 131 пайызын құраса, инфляция 231 миллион пайызды құраған. 2015 жылы Зимбабве халқы 35 квадриллион жергілікті долларға 1 АҚШ долларын сатып алатын жағдайға жеткен. Әзірге елдегі ең үлкен номиналдағы банкнота 100 триллион зимбабвелік доллар. Оны Зимбабве Ұлттық Банкі 2008 жылы айналымға енгізген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?