Тәжікстанда сим-картаға байланысты талаптар өзгерді, бұдан былай әр тәжік азаматы сим-картасын камераның бақылауымен жаңа үлгідегі паспортына тіркетуі тиіс.
Сондай-ақ, үкіметтің «Телекоммуникация желілеріне қосылу және олармен байланысты қызметтерді ұсыну тәртібі мен талаптары туралы» заңға түзетулер енгізуіне байланысты, Тәжікстан азаматтары екі сим-картадан артық карта пайдалана алмайды.
Сонымен бірге, жауапты тұлғалар SIM-карта сатумен айналысатын әрбір нүктеге бақылау камералары орнатулары керек. Операторлар алты айдан астам уақыт бойы қолданылмаған сим-карталарды өшіруі тиіс. Сондай-ақ, жауапты мамандар сим-карта сатып алған азаматтың құжаттарын электронды түрде сақтауға тиіс.
Ал 16 жастан бастап кәмелетке толмаған азаматтар ата-анасының не қорғаушысының жазбаша келісімі арқылы сим-карта сатып ала алады.
Жалпы, қазақстандықтар да 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін ұялы телефондары мен планшеттерін тіркеген еді. Ол Ақпарат және коммуникация министрлігінің жарлығына сәйкес, ұялы телефондарының IМEI-кодын ЖСН немесе БСН номеріне тіркетуі тиіс болған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы