Жыл сайын француз Ривьерінде өтетін Ницца карнавал шеруі биыл мыңдаған көрермен мен қатысушыларды тағы да қызықтырды.

Ниццадағы карнавал – бразилиялық және венециялық карнавалдармен қатар әлемдегі ең ірі және ең көне шара.

Фото: APP

Осы жылы Ресей президенті Владимир Путин, Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның жұбайы Брижит бейнесіндегі қуыршақ талқыға түсті. Көрермендердің пікірінше, Путин бейнесіндегі қуыршақ әлемдік жағдайдағы саяси жағдайды көрсету үшін жасалынған. Әсіресе, Путинді Еуропа елдерінің Ресеймен қарым-қатынасына, Солсберидегі және Азовтағы жағдайға еш мән бермейтін кейіпте көрсеткен. «Сары жейде» киген Макрон бейнесі Франциядағы ереуіл, халық наразылығына деген көзқарасты, ал осы қуыршақты қолына ұстаған АҚШ президенті Дональд Трамп «саясаттағы алып сайқымазақ» ретінде бейнеленген.

Фото: REUTERS

Биылғы карнавал тақырыбы – «Кино Королі». Енді 16 ақпан мен 2 наурыз аралығында Ниццадағы 135-ші карнавал барысында бүкіл әлемнің мыңнан астам бишілері мен музыканттары қатысатын алты шеру өтеді.

Фото: REUTERS

Сонымен қатар, Ниццада «Victorine Studios» киностудиясының 100 жылдығы және Жан Кокто, Альфред Хичкок, Вуди Аллен, Марсель Карне және басқа да жетекші режиссерлер өз картиналарын түсірген Лазур жағасында әлемдік кинематография мерейтойы тойланады.

"The Qazaq Times"