Иранның Бехешти және Санати Шериф Университеті АҚШ тарабынан санкция тізіміне ілінген. Құрама Штат аталған жоғары оқу орындарын Иранның ядролық бағдарламасына қолдаушы қызмет атқарған деп қарайды.
Иранның IRNA ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, елдің ғылыми зерттеу және технологиялар министрі санкцияға алынған екі университеттің мәселесі бойынша Батыс елдерімен келіссөздер өткізуден.
Ғылыми зерттеу және технологиялар министрі Мансур Ғулами бұл туралы: «Иранның жоғары оқу орындарына деген қате түсінік бар. Құрама Штат екі университетті ядролық бағдарламаға қатысты деп санайды. Шын мәнісінде бұл университеттер ядролық физика саласында дербес зерттеулер жасап, жұмыстарының нәтижесінде ғылыми мақалаларды шетелдік басылымдарға жариялап тұрған», – деді.
2015 жылы шілдеде БҰҰ ҚК-ның тұрақты мүшелері мен Иран арасында қол қойылған келісімнен Трамп билігі бір жақты бас тартты. 2018 жылы мамыр айында аталмыш «Ортақ қадам» келісімінен шығып кетті. Бұлдан кейін АҚШ Иранға бағыттаған санкцияларын қайта іске қосып, Иранды экономикалық жақтан қыспаққа алуда.