НАТО елдерінің қорғаныс министрлері Ресейден төнетін қауіп-қатерді талқылады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Брюссельде өткен жиын барысында Ресейдің орта және қысқа қашықтыққа арналған зымырандар туралы келісімнен шыққаннан кейін әлемге төнетін зиян жақтары және өзге де мәселелер талқыланған. Бұған қатысты НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің осы уақытқа дейін келісімге қайшы әрекеттер жасап, халықаралық заңды бұзғанын айтты. Сондай-ақ, зымыран келісімі өз күшін жойғаннан кейін, өзге мемлекеттерге қауіп төнеді. Осы мәселені шешу мақсатында алдағы уақытта жаңа келісім жобасы қарастырылмақ.
24 қазанда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг АҚШ-тың Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығуына қатысты пікір білдірген болатын. Ол онда: «Ресей зымыран келісіміндегі өзіне жүктелген міндеттерді орындамай отыр. Ал АҚШ керсінше, келісім негізінде жұмыс істеуде. Бірақ келісім орындалу үшін бұл жеткіліксіз. НАТО жаңа қарулану жарысы болғанын қаламайды. Альянс мүшелері алдағы уақытта АҚШ-тың келісімнен шығу шешімін талқылайтын болады», – деп мәлімдеді.
Айта кетейік, АҚШ пен Ресей арасындағы зымыран келісіміне 1987 жылы қол қойылған. Келісім бойынша, қос тарапқа 500 және 5,5 мың шақырым қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарды жасауға тыйым салынған. Мәскеу де, Уашингтон да осы уақытқа дейін бір-бірін зымыран келісімін бұзды деп бірнеше рет айыптаған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді