АҚШ-тың Түркіменстандағы елшілігі aмерикалық дипломаттарға түркімен әуе компаниясы "Туркменховаёлларымен" ұшуға тыйым салғанын хабарлады.
"Еуропаның әуе қауіпсіздігі агенттігі "Туркменховаёллары" әуе компаниясы ұшақтарының Еуропа одағы елдеріне және Еуроодақ әуе кеңістігі арқылы транзиттік бағыттар бойынша ұшуына уақытша тыйым салды. Осыған орай АҚШ дипломаттары бұл әуе компаниясымен ресми сапарларға ұша алмайды" деп жазылған АҚШ-тың Түркіменстандағы елшілігінің мәлімдемесінде.
Бұған дейін Еуропаның әуе қауіпсіздігі агенттігі "Туркменховаёллары" ("Түркімен әуе жолдары") мемлекеттік әуе компаниясы ұшақтарының Еуропа аумағына ұшуына уақытша тыйым салған еді. Тыйым "компания халықаралық қауіпсіздік талаптарына сай келетінін дәлелдегенше" күшінде болады. Бұл туралы 4 ақпанда Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Агенттік хабарламасында түркімен әуе компаниясының Еуропаға ұшуын тоқтатқаны айтылған. Түркіменстан ұшақтары Пекин, Дели және басқа қалалардан Ашғабат арқылы Бирмингем мен Хитроуға жолаушы тасымалдайтын.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел