Британия үкіметі былтыр шілдеде қытайлық Huawei компаниясының жабдықтары мен технологиялары Британияның телекоммуникация желісіне қауіп төндіреді деп мәлімдеген. Қытайлық компания бұл мәселені ретке салу үшін 2 млрд АҚШ доллары бөлуге уәде берген болатын.
Осы аптада Huawei компаниясының басқарушы директоры Диң Иун Британияның Ғылым және технологиялар жөніндегі комитеттің комиссия мүшесін хат жолдап, Британ үкіметі алға қойған қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету және инженерлік процестерді реттеу өте күрделі әрі әурешілікке толы жоба екенін, сондай-ақ, оның нәтижелерін көру үшін 3-5 жыл уақыт кететінін айтқан.
Диң Иун хатында: «Huawei ешқашан өз жабдықтарын тыңшылыққа көмектесу үшін қолданбаған. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігі де «Ұлттық зияткерлік меншік туралы заңда» ешқандай кәсіпорыннан «ресми міндет және тыңшылық жасауды» талап етпейді, оның тиісті заңдық ережелері шетел компаниялары мен қытайлық компаниялардың қызметкерлеріне шетелде құқықтық әсер етпейді», – деп түсіндірген.
Былтыр шілдеде Британия үкіметінің қадағалау органдары «Huawei компаниясы желісінің қауіпсіздігін бағалау» мақсатында компанияның инженерлік желісін тексеруден өткізіп, Ұлыбритания үкіметінің Байланыс Орталығы (GCHQ) қол қойған есеп жариялады. Есепке сәйкес, «Huawei компаниясының инженерлік желісіндегі кемшіліктер «британдық телекоммуникация желісіне жаңа қауіп-қатер алып келеді делінген».
Аталған орталық соңғы 4 жылда қытайлық компанияны жыл сайын бақылап келеді. Британдық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, Huawei өз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы алаңдаушылықты әлі де реттей алмай келеді.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді