Душанбе қалалық соты Тәжікстанның халық ақыны Гулназар Келдидің немересі Икбол Келдиевті 14 жылға соттады.
28 жастағы Икбол Келдиев "Ансоруллох" экстремистік ұйымының мүшесі ретінде Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы жағында соғысқа қатысқан делінген сот шешімінде. Сот отырысы туыстарының қатысуынсыз жабық есік жағдайында өткен.
Икбол Келдиевті 2018 жылдың аяғында ауған түрмесінен Тәжікстанға экстрадициялаған. 2015 жылы ол Құндыз провинциясында тәлібтермен бірге ұсталған. Онда жалған ауған төлқұжаты болған. 2016 жылы Ауғанстан соты Келдиевті үкіметке қарсы соғысты, жалған құжат жасады деген айыппен 16 жылға соттаған.
Икбол Келдиевтің атасы, халық ақыны Гулназар Келди немересінің шын мәнінде сотталғанын мойындады. "Икбол – менің немерем. Ол Ресейге жұмыс істеуге кеткен еді. Ол жақта экстремистік топтың ықпалына түсті. Алдымен Пәкістанға барған, ол жақтан жараланып, Ауғанстанға өткен. Ол кінәсін мойындады, қазір өкінеді", - деді Тәжікстанның халық ақыны.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды