Солтүстік Македония ресми түрде НАТО-ға мүше болды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Брюссельдегі штаб-пәтерде өткен жиында Македония мен НАТО тарапы екіжақты келісімге қол қойып, мемлекет ірі ұйымның 30-шы мүшесі ретінде бекітілген. Шарада НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг: «Осы шешімнен кейін альянс талаптарына барынша сай, адам еркіндігі мен құқықтық үстемдігі сақталған мемлекеттердің ұйым мүшелігіне өте алатындығын кезекті мәрте дәлелденді», – деді. Алдағы уақытта Македония үшін Балқан және Оңтүстік-Шығыс Еуропа аймағының қауіпсіздігін сақтау туралы бірқатар талаптар қойылды.
2017 жылы билік басына келген жаңа премьер-министр Зоран Заев Македония Республикасының атауын өзгертуге дайын екенін және бұл туралы Грекиямен келісімге келуге болатынын мәлімдеген еді. Алайда, мемлекет атауын өзгертуге қатысты келіспеушіліктер орын алып, оның арты халықаралық дауға ұласты. Сол себепті Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг Македония өзінің конституциялық атауын өзгертуге келіспесе, оның НАТО құрамына енуі мүмкін емес екендігін ескерткен.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді