Лондон полициясының басшысы болған сэр Бернард Хоган-Хоу қызметінен кетіп, оның орнына Крессида Дик тағайындалды. Дик британдық полицияның тарихында басшылыққа тағайындалған алғашқы әйел – деп хабарлады bbc.com.
«Бұл қызмет мен үшін тамаша мүмкіндіктерді ашып қана қоймай, үлкен жауапкершілікті де жүктейді. Мен астанамыздың тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамсыз етіп және оларға қызмет көрсетуді үлкен мақтаныш деп білемін.»-, деп, өзінің ыстық лебізімен бөлісіп, Скотленд-Ярдқа қайта оралғаны үшін де өте қуанышты екендігін жеткізді.
Осы уақытқа дейін Дик ұлттық контртеррорлық ұйымда басшылық қызметтерді атқарған. Ал 2014 жылы Лондон полициясындағы 31 жылдық қызметінен кейін сыртқы істер министрлігіне ауысқан болатын.
2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында елдегі қауіпсіздік қызметі бойынша көптеген маңызды шешімдерді қабылдап, қаланы контртеррорлық шабуылдардан қорғау бойынша көптеген операцияларды басқарды.
Ресми деректерге сәйкес, Лондон полициясының басшысының жалақысы сыйақы мөлшерін есептемегенде, жылына 270 мың фунт стерлинг (335 мың доллар) көлемінде.

«The Qazaq Times»