НАТО Еуропа аумағына жаңа ядролық зымырандарын орналастырмайды.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг ақпан айының 1-і күні Reuters ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Онда ол АҚШ пен Ресей арасындағы орта және қысқа қашықтықтағы зымыран келісімі жөнінде пікір білдіріп, НАТО-ның аталмыш мәселеге байланысты ұстанымдарына тоқталды.
«НАТО Еуропа аумағына жаңа ядролық зымырандар орналастырмайды және біздің Ресейдің іс-әрекеттеріне жауап беру де ойымызда жоқ. Бірақ біз тиімді тежеу құралдарын алатынымызға кепілдік беруіміз қажет» - деді Столтенберг.