Венесуэла билігі журналистерді тұтқындауға кірісті. Осы уақытқа дейін Испания, Франция және Чили елдерінің тілшілерін құрықтап, депортация жасауға әрекеттенуде.
Венесуэладағы оппозиция мен билік өкілдерінің арасындағы қақтығыс тым насырға шауып барады. Қос тарапты қолдайтын мемлекеттер саны күн артқан сайын көбейіп, ел ішіндегі даудың қойылар соңғы нүктесі алшақтауда.
Митинг кезінде әртүрлі елдердің қауіпсіздік қызметі мен қатар тілшілері де көптеп жүргендігі белгілі. Әлемге ақпарат таратуға тырысқан тілшілер Мадуроны саясатын жүргізуге тосқауыл қойып отырған сыңай танытады. Себебі, қос тараптың барлық жағдайы бүгінде әлем назарында жүргендігі белгілі.
31 қаңтар күні Испандық ЕҒЕ ақпараттық агенттігі өздерінің үш тілшілерін Венесуэлада тұтқындағандығы туралы хабарлаған. Каракастан хабар таратқан журналистердің болашағы қандай болатындығы белгісіз. Әйтсе де, Мадуро жақтастары бұған мәлімдеме берген жоқ.
Бұдан бұрын Чили мен Франция елінің журналистері де тұтқындалғандығы хабарланған. Алайда, 12 сағат қамауда ұстағаннан кейін, Венесуэла билігі өз елдеріне депортация жасады.
Осы оқиғадан кейін, әлемдік басылымдар мен телеарналар тілшілері үшін қауіптеніп отыр.