Трамп бастаған АҚШ жаңа үкіметі осыған дейінгі қарсылықтарға қарамастан, неғұрлым қатаң ережелер шығаруда. Америка шекарасын заңсыз аттаған мигранттарды қамау мен репатриация ережелерін жолға қоюда. Тіпті оларды тез арада шекарадан шығарып салуға дайын отыр.
Үкімет бұл нақты пәрмендерді АҚШ көші-қон заңын өзгерту емес, қайта қолданыстағы көші-қон заңын қатаң түрде атқару деп түсіндірді. Олардың көрсеткен мәліметі бойынша Америка Құрама Штаттарында 11 млн заңсыз мигранттар бар.
Ақ үйдің 21 ақпандағы мәлімдемесінде, толықтырылған ережелер босқындарды толықтай еліне қайтаруды мақсат етпейді. Бірақ құзырлы орындар мигрант өкілдеріне жаңа ережелерді сақтауды жүктейді деп түсіндірілді. Ақ үй мен Ішкі қауіпсіздік департаменті жолдаған хабарда «Қазірдің өзінде бұл елде тұрып жатқан заңсыз тұлғалар, біздің қауіпсіздігімізге қатер төндіреді. Тікелей олай болмаған күнде де, қылмыс тудырушылардың пайдалану объекті болады», – деген сынды түсіндірулер бар. Алайда Ішкі қауіпсіздік департаментінің жаңа ережелері Обама үкіметі кезіндегі «Балалар арманы актісін» қолданбайды. Оған көрсеткен себеп: осы ережені пайдаланып АҚШ шекарасына 750 мың заңсыз мигрант кіріп кеткен деп отыр.
Обама билік жүргізген сегіз жылда, АҚШ Көші-қон басқару тараулары, тек ауыр қылмыс жасаған заңсыз иммигранттарға репатриация жасауды қатаң сақтаған. Ал, Трамп үкіметі шығарған жаңа ереже заңсыз иммигранттарды дерлік шектеуге, қылмыс өткізгендерін қамау мен еліне қайтару сынды шараларды атқаруда. Бұған қоса, 21 ақпанда мәлім болған ереженің екі тармағында Кеден және Шекара қорғау қызметкерлеріне де иммигранттарды шектеу құқығы берлгендігін көрсетілген. Обама билігі кезінде атқарылған ереже бойынша АҚШ-қа кірген заңсыз мигранттарды 14 күн ішінде шекарадан шығару және ел шекарасынан 100 ағылшын миль қашықтыққа дейін алыстату керектігі белгіленген. Ал жаңа нормативте әр қайсы Көші-қон қызметкері, өзінің АҚШ-та тұрғанына екі жылдан асқанын құжат арқылы дәлелдей алмайтын кез-келген иммигрантқа ережені атқаруға ерік берілді.
“The Qazaq Times”