Израиль тарабы Сүрия жеріндегі Иран күштерінің бақылауындағы нысандарға шабуыл жасайтынын ескертті. Бұл Иран қауіпсіздік күштері жағынан айыптау мен сын-пікірлерге ұшырады. Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының орынбасар бас қолбасшысы арнайы мәлімдеме жасап, Израильге ескерту жасады. Бұл туралы IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.
ИИР Сақшылар корпусының бас қолбасшысының орынбасары, генерал Хусеин Салами мәлімдемесінде: «Егер Израиль үкіметі жаңа соғыс бастау туралы әрекет етсе, бұл соғыс Израильдің жойылуына алып келеді», – деді. Ол және ИИР-ның басты мақсаты Израиль режимін жою екенін ашық айтты. «Иранның басты стратегиясы – Израильді әлемнің саяси картасынан жою. Израиль үкіметі жасап жатқан әрекеттер бұл шындыққа барған сайын өздерін жақындатып келеді», – деді.

Хусейн Салами. Фото: IRNA.
Осыдан бұрын Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранға ескерту жасап, Сүрия жеріндегі қарулы күштерін тез арада шығарып әкетуін талап еткен. «Егер Иран өз күштерін Сүриядан шығармаса, біз шабуылды жалғастырамыз», – деп ескерткен.
Орта Шығыста Теһран (Тегеран) мен Тель-Авив стратегиялық қарсылас ретінде белгілі. Тель-Авив тарабы Сүрия жеріндегі Иран күштері Израильдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп алаңдайды. Ал Иран Израиль режимі өңірде исламның басты жауы деп санайды, әрі Израильді Палестина жерінен қуып шығуды басты стратегиялық мақсатының бірі ретінде ұстанады. Бұл қайшылық екі режим арасындағы теке-тіресті барған сайын өршітіп келеді.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?