Қытайдың Тайуанға (Тайвань) қаратқан әскери қысымы күшейген сайын, Тайуан тарабы да қорғаныс қуатын жедел арттырып, туылуы мүмкін соғыс қатеріне дайындалуда.
Тайуан президенті Цай Иыңвын (Cai Yingwen) ханым Тайуандағы Ғылым Академиясын аралаған кезде зымыран өндірісін тездетуді тапсырды. Ол сөзінде: "Тайуан қауіпсіздігі қатерге ұшырағанда немесе күрделі ұлттық қауіпсіздік жағдайында ұлттық қауіпсіздіктің шұғыл қажеттігіне орай Тайуан Ғылым Академиясы Tiangong-3 және Xiongfeng-3 зымырандарға болған қажеттілікті толық өтеуі тиіс", – деді.
Британияның «Economist» журналының 25 қаңтардағы хабарында, Қытайдың арта түскен әскери қысымына байланысты, Тайуанның қорғаныс қуатын жедел дамытып, «жұтылып» кетпеуге дайындалып отырғанын жазған. Дегенмен, Бейжің үшін Тайуанға қарулы күш жұмсаудың оңай болмайтынын, әрі бұл бір ғана Тайуан мен Қытай арасындағы қайшылық емес екенін осыдан бұрын да айтқан едік.
Демократиялық партияның өкілі болған Сай Иыңвын ханым 2015 жылы 20 мамырда билікке келген. Бейжің билігі Сай Иыңвын үкіметінен саяси байланыстар мен консультациялардың алғы шарты ретінде «92 консенсусты» қабылдауды талап етеді. Алайда, Тайуан үкіметі 1992 жылғы тарихи келісімді негіз ете отырып, Бейжің тарабы ұсынған «92 консенсусты» қабылдаудан бас тартып келеді. Бұл Бейжің мен Тайбей арасындағы саяси алауыздықты өршітіп, Тайуанның халықаралық ұйымдарға қатысуына, өзге елдермен дипломатиялық байланыс орнатуына Бейжің тарабынан кедергілер жасалуда.