Пермьдік программист Александр Осипович 3D- принтердің көмегімен «Терминатор» фантастикалық фильміндегі Т-800 модельді робот жасап шығарды. Ол сөйлесе алады және үйрене алады. Бұл туралы naked-science хабарлайды.
Роботтың негізі адамдардыкі сияқты қаңқадан, яғни металл қаңқадан тұрады. Осындай роботтар фильмде өлтіруге арналған ең керекмет қару ретінде көрсетілген. Дегенмен, А. Осиповичтің ойлап тапқан роботы ешкімді мерт қылайын деп тұрған жоқ. Есесіне гироскоп арқылы кез келген дүниені анықтап, сұрақтарға жауап бере алады.
Бұл қалай жүзеге асады? Керекті ақпаратты T-800 ғаламтордан алады. Соның есебінен өзінің «білімін жетілдіре» алады. «Терминатор» басын қозғалта алады және қазіргі кезде программист оның басқа «денелерін» жасап, аяққа тұрғызуды ойластырып, алдағы уақытта бар-күшін салатындығын жеткізген. Сондай-ақ ол өзінің жасап шығарған әдісінің аз құпиясын ашқан. Мәселен, роботтың «миын» жасап шығару үшін программалаудың Visual Basic тілін қолданған. Ал суретінің сызбанұсқасын 2013 жылы Google компаниясынан алған. Сол жылдан бастап 3D-принтерде роботты шығара бастаған.
Александр Осиповичтің жасағаны нағыз «терминатор» бола алмайды. Осының алдында Токио университетіндегі жапондық ғалымдар толыққанды андроид жасап шығару мақсатында, бұлшық еттері бар жаңа жасанды робот ойлап тапқан.
«The Qazaq Times»