Украинаның минстрлер кабинеті ТМД аясындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үш бірдей келісімнен шықты.

Бұл құжаттарға экономикалық ақпарат алмасу жөніндегі мемлекетаралық келісім, сыртқы экономикалық қызмет жөнінде ақпарат алмасу және сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі ынтымақтастық келісімі жатады.

Алғашқы екі келісімге 1992 жылы Минскте және 1993 жылы Мәскеуде өткен ТМД саммитінде қол қойылған.

Үшінші келісімге 1992 жылдың 15 мамырында Ташкентте өткен ТМД қатысушыларының халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарына мүшелікке кіру жөніндегі кездесуінде қол қойылған.

Украина үкіметі мен сыртқы істер министрінің шешіміне сәйкес, ел билігі таяу күндері ТМД-ның атқару комитетіне жоғарыда аталған келісімдерден шыққандығы жөнінде хабар беруі тиіс.

2018 жылдың желтоқсан айында Украинада 1997 жылы қол қойылған Ресеймен арадағы достық және ынтымақтастық жөніндегі келісімді тоқтату туралы заң қабылданды. Украина президенті Петр Порошенко бұны «Киевтің отар болған өткенімен байланысты үзуі ғана» - деп түсіндірді.

"The Qazaq Times"