Астана қаласына ресми іссапармен Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва келді.
Іссапар барысында Мнангагва президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп күтілуде. Әзірге тараптардың қандай тақырыптар бойынша келіссөздер жүргізетіні белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, кездесу Қазақстан мен Зимбабве арасындағы сауда-саттық және экономикалық қарым-қатынастарды дамыту жөнінде болмақ.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Эммерсон Мнангагва тұңғыш рет кездесуде. Бұған дейін Зимбабве басшысы бір де бір рет Қазақстанға келмеген. Бұған дейін Мнангагва Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко және Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездескен.
Айта кететін бір жайт, Эммерсон Мнангагва 2017 жылы Зимбабвені күректей 30 жыл басқарған Роберт Мугабенің орнына келген. Мугабе 2017 жылға дейін әлемдегі ең егде жастағы мемлекет басшысы болған. Ол билік басынан 97 жасқа қараған шағында кеткен.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды