Грекия астанасы Афинада мыңдаған халық Македония Республикасының атын өзгертуге қарсы ереуілге шықты.
Франциялық lemonde.fr сайтының мәлімдеуінше, жиналғандар Афина мен Скопьенің Балқан түбегінде орналасқан Македония Республикасына «Солтүстік Македония» деген жаңа ат беру туралы келісімге қарсылығын білдіріп отыр. Синтагма алаңына жиналғандардың наразылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласқан. Жарақаттанғандар бар.
Югославия құрамынан шығып, 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Македония Грекияның солтүстігінде орналасқан грекиялық аймақтың атауымен бірдей болғандықтан, Грекияның наразылығын оята бастаған еді. Осы дауды ескере отырып, Грекия Македонияның НАТО мен ЕО-ға қосылуын бұғаттап тастаған болатын. Одан бөлек, бұл ел БҰҰ –на «Бұрынғы Югославия Республикасы Македония» деген ресими атаумен кірген. Әлемнің 142 елі Балқандағы осы елді "Македония республикасы" деп атап, бұл гректердің бір емес, бірнеше мәрте қарсылық науқандар ұйымдастыруларына себеп болды. Ақыры, халықаралық деңгейге жеткен осы мәселе реттелгенше Македонияны «Бұрынғы Югославияның Македония республикасы» деп атауға шешім шығарылған еді. Афина, жаңа республиканы Грекияның мәдени мұрасына қол сұқты деп айыптап, 2008 жылы Македонияның НАТО мен Еуроодаққа кіруіне қарсы шықты. Ал Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг Македония өзінің конституциялық атауын өзгертуге келіспесе, оның НАТО құрамына енуі мүмкін емес екенін айтты. Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг Македония өзінің конституциялық атауын өзгертуге келіспесе, оның НАТО құрамына енуі мүмкін емес екендігін ескерткен.
2017 жылы билік басына келген жаңа премьер-министр Зоран Заев Македония Республикасының атауын өзгертуге дайын екенін және бұл туралы Грекиямен келісімге келуге болатынын мәлімдеген еді. Сондай-ақ премьер-министр елдің НАТО мен ЕО-ға мүше болатынын айтқан. Тараптардың көп айлық келіссөздерінен кейін тізімге «Жаңа Македония», «Солтүстік Македония» және «Жоғары Македония» деген үш атау енгізілген еді. Енді, екіжақты ұзақ келіссөздерден кейін ресми түрде «Бұрынғы Югославияның Македония республикасы» деп, ал жалпыламай түрде «Македония» деп аталған ел ендігі жерде «Солтүстік Македония» деп өзгертілді.
Айта кетейік, осыған дейін Македонияда ел атауын өзгертуге қарсы бірнеше митингтер ұйымдастырылған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді