Судан билігі қоғам белсенділері мен журналистер жаппай тұтқындауда. Аталмыш тұтқындау бұйрығын Мемлекеттік қауіпсіздік прокуратурасы деп аталатын құзырлы орын шығарған.
Сол елдегі үкіметтік емес теле арналардың таратқан хабарына қарағанда, прокуратура 38 журналист пен қоғам белсенділеріне провокация жасау, жалпы тыныштықты бұзу, билік өкілдерін қаралау, елді көтеріліс жасауға насихаттау, жалған хабар тарату және бейбітшілікті бұзу айыптарын таққан.
Прокуратура тарабының ресми мәлімдемесінде, бұл айыпқа тартылған адамдардың 28-і шетелде тұрады.
Елдегі зат бағасының өсуіне байланысты Атбера мен Порт-Судан қалаларында жаппай наразылық жалғасып жатқанына бір айдан асты. Бұл Суданның көптеген провинциясындағы билікке қарсы наразылық акцияларына ұласты.
Ел билігі наразылық шерулерінің артында сыртқы күштер тұрғанын айтады. Сондай-ақ, наразылық акциясының белсенділері мен ақпарат құралдарының өкілдерін жаппай тұтқындауды бастап отыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті