Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони 2019 жылы өтетін Еуропарламент сайлауына қатысатындығын мәлімдеді.
«Өзімнің қартайған жасыма қарамастан Еуропарламентке барып, үлкен жауапкершілікті өз мойныма алу туралы шешім қабылдадым. Себебі, дәл қазір онда әлем туралы терең ойлау жетіспейді». Мұндай күтпеген шешімді 82 жастағы саясаткер Сардиния аралындағы Куаруту жиынында ашық айтты.
Сол секілді экс-премьер Италияның қазіргі билігіне сын айтып, орындарын ауыстыру қажет екендігін де жеткізді.
«Алға, Италия» партиясын басқарған Берлускони «5 жұлдызды қозғалыс» өкілдері 1994 жылғы коммунистер секілді жұмыс атқарып отырғандығын тілге тиек еткен.
Естеріңізге сала кетейік, ұзақ жылдан бері саяси лауазымдарда қызмет жасаған Сильвио Берлускони 2013 жылы өзінің қаржы жымқыру оқиғаларына қатысы бар екендігін мойындаған. Еуропа соты аталған азаматты 2019 жылға дейін түрлі сайлауларға қатысу еркінен айырып, көпшілік лауазымдарда отыруына тыйым салған болатын.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы