Түркия Ресейдің С-400 зымыран жүйесін сатып алудан бас тартпайды.
Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын С-400 зымыран жүйесіне қатысты мәлімдеме жасады.
«Ресейдің «С-400» зымыран жүйесін сатып алу мен АҚШ-тың «Patriot» әуе қорғаныс жүйесін сатып алуда ешқандай байланыс жоқ. Біздің ұстанымымыз өзгермейді. Біз ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін не қаласақ, соны істейміз. АҚШ тарапынан «Patriot» зымыранына қатысты ұсыныс алдық. Бірақ біздің оларға технологияларды алуға байланысты қойған бірқатар талаптарымыз бар. АҚШ оны толықтай орындай ма, жоқ па ол келіссөздерден кейін белгілі болады. Ал Ресейдің С-400 жүйесіне келетін болсақ, біз Мәскеумен дәл осы талаптар бойынша келісімге келгенбіз» деді Калын.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «АҚШ-тың Түркияға «Patriot» жүйесін сатуы мен Ресейдің С-400 құрылғысын сату жөніндегі келіссөздер арасында ешқандай байланыс жоқ» - деп мәлімдеген. Песковтың сөзінше, алдағы уақыттан қандай жағдай болса да Түркиямен арадағы келісім жүзеге асырылады.