Иранның «Пеям» атты отандық спутнигі белгіленген орбитасына жете алмады. Бұл туралы Иранның телекоммуникация министрі Мұхаммед Жавед Әзери Жехроми мәлімдеді.
Министрдің сөзінше, зымыран тасмалдаушы15 қаңтар күні Иранның жергілікті уақытымен сағат 04:00-де «Имам Хомейни» космодромынан ұшырылған.
«Зымыран тасмалдаушының бірінші және екінші кезеңі штаттық кестеге сәйкес сәтті жүргізілді. Алайда, ажырату кезінде техникалық ақауларға байланысты зымыран тасмалдаушы өзінің жұмысын толыққанды аяқтай алған жоқ. Сонымен қатар, жылдамдықтың да жеткіліксіз болғандығын аңғардық. Осылайша, аталған спутник белгілінген орбита кеңістігіне жетпеді» деп мәлімдеді Жехроми.
Сондай-ақ, осыдан екі апта бұрын Теһеран (Тегеран) билігі орбитаға «Пеям» және «Дусти» атты екі зымыранды ұшыратындығын айтқан болатын. Бұдан бөлек оның ешқандай да қорғаныс үшін жасалмағандығын жеткізген.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 3 қазанында АҚШ-тың бас хатшысы Майк Помпео баллистикалық зымырандарды қолдану үшін зымыран тасмалдаушы технологияны орбитаға ұшыруға дайындалуда деп мәлімдеген болатын. Сонымен бірге, Теһеран (Тегеран) аталған спутникті орбитаға ұшырудан бас тартуға шақырған еді. Енді Иранның соңғы мәлімдемесінен кейін, АҚШ-тың бұл мәселе төңірегінде бір жауап беруі әбден мүмкін.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді