Сербияда билікке қарсы алтыншы шеру өтті.
Осыған дейін Белградтан басталған шеру Сербияның бес қаласында жалғасты. Ресми президент тарапы да, өзге билік өкілдері де шеруге қатысты нақты мәлімдеме бермегендіктен, халық наразылығы күннен-күнге артып келеді.
«Сербия, оян!» деп ұрандатқан жұрт үкіметтен Косовомен арадағы келісім бойынша толық мағлұмат беруді және ел президенті Александр Вучичтің биліктен кетуін талап етті. Белградтағы жоғары оқу орындарынан жиналған студенттер елде азаматтық және дауыс беру еркіндігінің жоқтығын айтып, «Диктатор кетсін!», «Кландық жүйеге жол жоқ!» сынды плакаттар ұстап шыққан. Оппозиция өкілдері билік Косовомен арадағы мәселеде ұлттық мүддені сатып кетті дейді. Егер билік халық мұңына құлақ аспаса, наразылық шерулері күллі Сербияда жалғасын таппақ.
Айта кетейік, шерудің алғашқы күні мыңдаған тұрғын президент резиденциясына жиналған. Бұған Сербия президенті Александр Вучичтің оппозициялық топтарға қатысты ұстанымы мен биліктің оппозиционерлерге қарсы бағытта болуы себеп болған. Осыған дейін Сербия президенті жергілікті телеарналарға берген сұхбаттарының бірінде: «Мен және біздің билік ұстанған саясатқа 5 миллион адам қарсылық білдірсе де айтқанымнан қайтпаймын», – деп мәлімдеген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі