Сербия халқы жаппай ереуілге шықты. Бұл туралы m.dw.com хабарлады.

Белград орталығына жиналған жұрт алдыңғы аптадан бері билікке қарсы ереуіл бастады. Сербиядағы белгілі оппозицинер Борко Стефановичтің соққыға жығылуы наразылық акциясының өтуіне түрткі болған. Жергілікті тұрғындар билікте шұғыл реформалар жүргізіліп, президенттің ауысуын талап етті. Ереуілге шыққандардың бірі елдегі халық жағдайының нашар екендігін және сайлауда өз еркімен дауыс бере алмайтынын айтқан.

Ал ел президенті Александр Вучич жергілікті телеарналардың біріне сұхбат беріп, «5 миллион адам қарсы шықсы да, өз позициямды өзгертпеймін»,– деген.

"The Qazaq Times"