Уашингтонда шатдаунға қарсы наразылық акция ұйымдастырылды.
NYT мәліметінше, федералды ұйымдардың жұмысшылары мен кәсіподақ мүшелері Ақ үй ғимаратының алдына жиналып, үкімет жұмысының жалғасуын талап еткен. Шатдаун басталғалы, демократтар биылғы жылдың бюджетін бекітпей отыр. Бекітілмеген бюджет салдарынан 22 желтоқсаннан бері АҚШ федералды билігінің жұмысы ішінара тоқтатылды. Бұл Ішкі қауіпсіздік министрлігі, Сауда министрлігі, ІІМ мен Қаржы министрлігіне қатысты. Сонымен қатар, Смитсон институтының ұлттық саябақтары мен мұражайлары жабылды. 800 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер ақылы демалысқа кетті.
10 қаңтарда қос тарап басшылары кездесу ұйымдастырды. Бірақ, нақты бір шешімге келе алған жоқ. Сол үшін АҚШ президенті Дональд Трамп аталған кездесудің түкке тұрғысыз екендігін айтып, ортадан үзді. Ақ үй басшысы өз сөзінде демократтар Мексикадағы шекараны реттеуге қаржы бөлмесе, шатдаунның жалғаса беретінін айтты. Егер бұл дау жақын арада шешімін таппаса, Ақ үй төтенше жағдай жариялайды.
Қазіргі шатдаун АҚШ тарихындағы ең ұзақ үзіліс болуы мүмкін. 1995-1996 жылы болған үкімет үзілісі 21 күн бойы жалғасқан.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі