Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан, VIII Қысқы Азиада ойындарындағы шаңғымен сырғанауда (15 км) қазақстандық шаңғышы Ринат Мухин ел қоржынына алғашқы алтын салды. Бұл туралы VESTI.kz хабарлайды.

Ринат Мухиннің нәтижесі: 41 минут 25,3 секунд. Бұл доданың күмісі мен қоласын Жапония спортшылары иеленді. Тағы 3 шыңғышыларымыз Серге Черепанов, Николай Чеботько мен Ердос Ахмадиев төртінші және алтыншы орынға тұрақтады.

Қазір Қазақстан қоржынында бір алтын, бір күміс, бір қола. Оның алдында шаңғышымыз Елена Коломина күміс пен қола жүлдеге ие болған.

«The Qazaq Times»