АҚШ пен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесіп, екі елдің күшті одақтастығын жалғасты сақтауға келіскен. Сөйлесуде қорғаныс министрлер бірлесе әрекет етуге дайын болып, Корей түбегіндегі ядролық қарусыздану ісі мен бейбітшілік орнатудағы дипломатиялық құлшынысқа қолдау көрсетуге келісім берген.
Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі бүгін түскен бұрын жариялаған мәлімдемесінде аталған хабарды растап: «Қорғаныс министрі Жоң Киоң-до мен АҚШ қорғаныс министрінің қызметін атқарушы Патрик Шанахан Оңтүстік Корея мен АҚШ қандай да бір өзгеріс орын алған жағдайда одақтастық пен бірлескен қорғаныс мүмкіндіктерін сақтап қалуға келісті», – деп мәлімдеген. Сондай-ақ, сөйлесу министрлер бір-біріне жылы лебіз танытқанын баса айтады.
Патрик Шанахан 1 қаңтардан бастап Пентагон тізгінін қолға алды. Ол алғаш рет өткізген жоғары деңгейдегі кездесуде Ұлттық қорғаныс стратегиясын жүзеге асыруды жалғастыруға уәде берген. Қазіргі Құрама Штаттың Ұлттық қорғаныс стратегиясы – Ресей мен Қытайды басты қарсылас ретінде қарастыру; АҚШ әскери қызметкерлерінің өлім-жітімін азайту; Қауіптерге қарсы қорғаныс одағын күшейту.
2017 жылы 1 қаңтарда АҚШ президенті ретінде билік ұстаған Трамп бірнеше рет қорғаныс одақтастарын шығындарды лайықты бөліспегенін сынға алған еді. Бұл одақтастарының арасында НАТО мүшелері мен Азия-Тынық мұхит аймағындағы Жапония, Оңтүстік Корея қатарлы серіктері де бар.
Шын мәнісінде, Жеймс Мэттис дәл осы мәселедегі көзқарасы Трамппен бірдей болмағандықтан қызметтен кеткен болатын. Ол Трамптың бұл айыптаулары АҚШ пен оның одақтастары арасындағы сенімге нұқсан келтіріп, ұлттық қорғаныс стратегиясын жүзеге асыру қабілетін әлсіретеді деп санаған. Мэттис президентке өз доғарысын (отставкасын) талап еткен хатында да бұл мәселені ашалап айтып, келесі Пентагон басшысының бұл жағында президентпен ойы ортақ адам болуын ескертеді.