Судандағы наразылық шараларында үкімет тарабының күш қолданып, наразылық білдірген жұртшылыққа қарата оқ атқаны мәлім. Бұған қарсы АҚШ, Ұлыбритания, Канада мен Норвегия елдері қатарлы Батыс елдері алаңдаушылық білдірді.
Аталған елдердің бұл туралы ресми мәлімдемелерінде, соңғы митингіде үкімет тарабының қарулы күш қолдану әрекетіне алаңдаушылық білдіретінін, Судан халқының бейбіт шерулер арқылы үкіметтен өз проблемаларын шешуді талап ету құқығының бар екенін ескерткен. Сондай-ақ, Судан билігін сөз бостандығы мен азаматтардың құқығын қорғауға шақырған.
Өткен аптада Судандағы бірнеше қалада наразылық шерулері болған еді. Шеруге шыққан судандықтар доллар бағамының күрд өсуі мен азық-түліктің қымбаттауына наразылығын білдірген болатын. Ресми мәліметтерде 8 адам қаза тапқаны айтылады. Алайда, оппозиция өкілдері таратқан мәлімет бойынша 22 адам көз жұмған. Наразылық акциясы кезінде жаппай тәртіпсіздік орын алғаны айтылады.
Судан билігіне наразылық білдірген Батыс елдерінің қатары күн санап артып келеді. Елдегі тұрақсыздық пен халықаралық жағдай бұрынғы Ливия мен Сүрияны еске салады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті