Францияда қақтығыс ұйымдастырып, ереуілге шыққандарға енді қатаң жаза қолданылады.
Ел президенті Эммануэль Макрон осындай мәлімдеме жасады. Ол өз сөзінде: «Елдегі орын алып жатқан жағдайларды ішкі істер министрлігі қадағалап, күн сайын хабардар етіп отыр. Арандатушылар мен құқық бұзғандар заң алдында жауап береді. Біздің мемлекетімізге бейбітшілік пен ынтымақ қажет. Бұлай жалғаса берсе, Франция бейбітшілігіне нұқсан келеді», – деді.
Айта кетейік, осы апта Франциядағы наразылық шеруі қайта басталып, 24 мыңға жуық адам билік саясатына қарсы ереуілге шыққан. Париж орталығына жиналған мыңға жуық адам ел президенті Эммануэль Макрон зейнетақы мен салық жүйесіне қатысты уәдесін орындамай отыр дейді. Шерудің арты қақтығысқа ұласып, екі жүзден астам адам қамауға алынды. Франциялық «Лэ Монд» басылымының жазуынша, ел көлемінде шеруге қатысушылардың саны 40 мыңнан асқан.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді