АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні «Тибетке саяхат жөніндегі балама заңға» қол қойып, ресми атқаруға берді. Бұл заң Қытай үкіметінің америкалықтарды қамтыған өзге шетелдіктердің Тибет жеріне кіруіне шектеу қойған ережелеріне қарсы тұруға бағытталған.
«Тибетке саяхат жөнінде балама заң» жобасын осы жылдың сәуір айында Массачусетстегі республикашыл сенаторы Майкл МакГоанмен ұсынып, Конгрестің қос палатасы бір ауыздан қабылдаған.
Аталған заң жобасының талаптарына сәйкес, Қытай үкіметі америкалық журналистерге, дипломаттар мен туристерге тибет жеріндегі шектеулі орындарға баруына рұқсат беруі тиіс. Сондай-ақ, «Тибетке саяхат жөніндегі балама заңы» бойынша АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы бұл мәселе жайында жыл сайын Конгреске баяндама жасауға міндетті; қытайлық шенеуніктерді тиісті шектеуге ала отырып, олардың Құрама Штат территориясына кіруіне тыйым сала алады.
Қазірге дейін, қытайлық дипломаттар, журналистер, туристер, басқа да азаматтары Құрама Штат территориясында еркін жүріп-тұра алады. Алайда, Қытай тарабы АҚШ азаматтарын тибет жеріне кіруіне шектеу қойған. Құрама Штат тарабы өзара тиімділік қағидасы негізінде Қытай үкіметінен азаматтарына тең құқық беруді талап етіп отыр.
Заң жобасы 11 желтоқсанда Сенатта мақұлданғаннан кейін, аталмыш заңның басты қолдаушысы, республикашыл сенатор Рубио мәлімдеме жасап, Қытаймен өзара тиімділік қағидасына негізделген қарым-қатынас тарихында мұндай жобаның ұзақ уақыттан бері болмағанын айтқан.
Бұл заң жобасы қабылданғаннан кейін, Халықаралық Тибет қозғалыс ұйымының жетекшісі Маттео: «Бұл шын мәнінде АҚШ-тың тибет халқын қолдаған және өңірдегі стратегиялық қауіпсіздік мүдделерін қорғаған тарихи сат», – деген пікірін білдірген.
АҚШ президенті аталмыш заңға қол қойғаннан кейін, АҚШ мемлекеттік хатшысы 90 күн ішінде Тибетке қанша америкалық азаматтардың кіре алғанын, Қытай үкіметі жағынан қандай кедергілер жасалғанын және бұл кедергілерді жасап отырған шенеуніктер туралы АҚШ Конгресіне мәлімет беруге міндетті. Заңға сәйкес, АҚШ азаматтарының Тибет автономиялы регионына кіруіне кедергі келтірген қытайлы шенеуніктердің Құрма Штат территориясына кіруіне шектеу қойылады.