Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков баспасөз мәслихатын өткізді.
Бүгін Бішкек қаласында Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан президенті ретінде өзінің алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді. Онда ол отбасылық-кландық басқару жүйесіне қатысты пікір білдірді.
"Мен Егеменді Қырғызстанның тарихын жақсы білемін. Бұл тарих менің көз алдымда өткен. Осыны көріп тұрып мен кландық басқару жүйесіне қалай жол беремін. Мен оған жол бермеймін... Қазіргі біздің күшті азаматтық қоғамда отбасылық-кландық басқару жүйесіне жол берілмейді. Мен тұрғанда, сіздер тұрғанда отбасылық басқару, кландық басқару және бір топтың үстемдігі ешқашан болмайды" - деп мәлімдеді Жээнбеков.