АҚШ Түркияға «Patriot» зымыран жүйесін сататын болды.
«Аnadolu» ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ мемлекеттік департаменті Түркияға «Patriot» зымыран жүйелерін сатуға байланысты құжатты мақұлдаған.
Агенттік таратқан ақпаратта: «АҚШ мемлекеттік департаменті Түркияға «Patriot» зымыран жүйелеріне арналған 80 дана МІМ-104Е зымырандары мен 60 дана РАС-3 зымырандарын сатуға рұқсат берді» - делінген. Келісімшарттың жалпы құны 3,5 миллиард долларды құраған.
Бұған дейін БАҚ беттерінде АҚШ пен Түркия «Patriot» зымыран жүйесін сатуға байланысты келіссөздер жүргізіп жатқандығы жөнінде ақпарат тараған.
Жалпы, Ресми Уашингтон Анкараның Ресейден С-400 зымыран жүйесін сатып алуға қарсы. Сарапшылар пікірінше, «Patriot» зымыран жүйесі Ресейдің С-400 жүйесін алмастыратын болады және НАТО әскери блогының әскери қуатын арттыруға көп септігін тигізеді.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды