Сүрияда тағы бір ресейлік сарбаз көз жұмды.
Александр Дудченконың қаза тапқаны жөнінде ақпарат әлеуметтік желілер мен Астрахан аймақтық басылымдарда жазылды. Сейсенбі күні бұл ақпаратты "Conflict Intelligence Team" (CIT) зерттеу тобы да растады.
CIT Александр Дудченконы жақсы танитын, мектепте бірге оқыған адаммен хабарласқан. Ол достарына және туыстарына сілтеме жасап Дудченконың қаза тапқанын растаған.
Ақпарат құралдары Дудченконы "астрахандық десантшы" деп атаған. Бірақ қазасы алдында ол әскери қызметкер болып жұмыс істемеген. Әлеуметтік желілердегі Александр Дудченконың парақшаларына қарағанда ол десантшы болып әскери борышын өтеген.
"Астрахан 24" ақпарат агенттігінің мәліметінше, ол әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. «Al Masdar» сайты атыс Сүряның Латакия провинциясында болғанын хабарлайды. Сүрия үкіметін қолдайтын сайт әуе соққысын Сүрияның қарулы оппозициясы жасады деп айыптайды.
Ресей әскері 2015 жылдың 30 қыркүйегінен бері ресми түрде Сүрияда ел президенті Башар Асад жағында соғысып келеді. Бастапқыда президент Владимир Путин Ресей әскері тек әуе шабуылдарына ғана қатысады деген. Бірақ қазіргі таңда Сүрияда Ресейдің әскери кеңесшілері мен әскери полиция бөлімдері және бұдан бөлек жалдамалы жасақ сарбаздары бар.