Жапондық Toshiba компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сигэнори Сига компанияның сан миллиардтаған шығындары үшін қызметтен кететінін хабарлады.
Яғни, 14 ақпанға қараған түні Toshiba өзінің жылдық есебін жариялайды деп күтілді. Бұл есеп беруде шығындар көлемі мен оның Westinghouse Electric американдық бөлімшесіндегі активтер бағасын есептен шығару қандай зиян келтіргені жайлы айтылу керек еді. Дейтұрғанмен бұл жағдайға байланысты мәселелер баяғыдан белгілі болған. Өткен жылы желтоқсанда Toshiba Westinghouse Electric активтерінің бағасын есептен шығару қажеттілігін мойындаған болатын, содан кейін жапондық компания акцияларының бағасы түсті.
Westinghouse Electric мәселелерінің себебі оның 2015 жылы Chicago Bridge & Iron компаниясынан атомдық нысандар құрылысы бойынша бизнесті сатып алу болды. Нәтижесінде сатып алынған активтердің нарықтық құны күткендегіден әлдеқайда төмен болып шықты.
Сарапшылардың болжамы бойынша, активтерді есептен шығарғаны үшін компанияның шығын көлемі 6 млрд долларға жуық болған, бірақ ақпан айында жарияланымға шығатын Toshiba компаниясының ресми жылдық есебін күткен болатын.
Би-би-си мәліметі бойынша бұл компанияның активтер бағасын есептен шығару мөлшері туралы аудиторлармен келісе алмағанымен байланысты.
Компания соңғы кезде есеп беру жарияланымын кейінге қалдыруды сұрады.
Осы жағдайларға байланысты Сигэнори Сига қызметтен кететінін хабарлады. Осыдан кейін компания 31 наурызда аяқталатын қаржы жылына бағдарлық шығын мөлшерін ашып көрсетті. Шығын 3,44 млрд доллар есебінде болады деп күтіледі.
Бір жыл бұрын компания 6 млрд доллар есебіндегі шығын туралы хабарлаған болатын. Тағы бір жыл бұрын компания шығыны 4,6 млрд доллар деген есеп берілген.
Жылдың басында Би-би-Си «Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хенің айналасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау Samsung компаниясына да жетті. Тергеушілер Компанияның топ менеджері әрі холдинг басшысының ұлы Ли Че Ёнді тергеуге алмақ», – деп хабарлаған еді.
Жапония да Оңтүстік Корей де электорнды технологияның ең дамған ошақтыры. Сонымен қатар әлемдік нарықта Toshiba, Samsung өнімдері алғашқы орындарда. Осы компаниялардың басшыларының бірінің сотты болуы енді бірінің жұмыстан шеттетілуі компания өнімдерінің өнімділігіне қаншалықты ықпалы болатынын әр басылым әр түрлі межеде көрсетіп жатыр.
Фариза Мұқанова
"The Qazaq Times"