Автокөлік өндірісіне ие елдердің автокөлік өндіруші кәсіпорындарының бәсекесі қызу жүргізіліп келеді. Соңғы кезде бәсекеде, атағын ат көтере алмайтын неміс автокөліктері жапондарға жол беріп қойды. Осыдан үш жыл бұрын зор болашағы бар деп күтілген Корея автокөлік өндірушілері де биылғы мәлімет бойынша, қатарынан үш жыл құлдырауға ұышыраған. Ал аталмыш базарда самурай елінің көліктері әлемдік көш бастап тұр.
World.Xinhua08 сайтының хабарлауынша, Жапониядағы Toyota, Nissan, Honda және басқа сегіз автокөлік өндіруші кәсіпорындардың 30 қаңтар күні жасаған мәлімдемесіне қарағанда, сегіз ірі автокөлік өндірушінің 2016 жылғы жалпы өсімі 2015 жылға салыстырғанда 3,3 пайызға артқан. 27,22 мил дана автокөлік өндіріп, бес жыл қатарынан өсім көрсеткішін сақтаған.
Сегіз ірі автокөлік өндіруші кәсіпорынның өткен жылы шетелде өндірген автокөлік саны 18 млн 719 мың данаға жетіп, алдынғы жылдан 4,9 пайызға артқан. Mitsubishi Motors-тан өзге жеті кәсіпорын қатарынан жылдық рекорд көрсеткен. Ал автокөлік экспорты 2,4 пайыз болып, 4 млн 351 мың автокөлікті сыртқа шығарған.
Аталған кәсіпорындардың шетелдік нарықтағы белсенділігіне қарағанда, Жапония өз ішіндегі табысы төмен болып отыр. Ел ішіндегі 4,475 дана автокөлік сатып, 2015 жылға салыстырғанда 2,1 пайызға азайған. Жапония медия құралдары жариялаған статистикалық мәліметтерге қарағанда, Солтүстік Америка автокөлік базары – Жапония автокөлік өндірісінің табысты алаңы. Бұл базардағы жапондық автокөліктердің сатылымы өзге аймақтардан көп жоғары. Осыны ескере отырып АҚШ президенті Трамп «Америка бірінші» саясатын Жапония автокөлік өндірісіне бағыттап отыр.
“The Qazaq Times”