Қырғызстанда Еуразиялық одақ елдерінен келген көліктердің құжаттарын заңсыз жолмен жасап, баж салығын төлеуден қашқан төрт азамат тұтқындалды. Бұл туралы Қырғыз елінің ішкі істер департаменті мәлімдеп отыр.

Контрабандалық жолмен келген көліктердің барлығы арнайы заң ережесіндегі белгіленген жылдардан ескі. Құйтырқы әрекеттері әшкере болған төрт азаматтың тұрағынан 111 автокөлік тәркіленді. Сонымен бірге, көптеген мемлекеттік мөрлер және құжаттардың жасанды көшірмесі табылған.

Қырғыз тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша заңсыз сатылымға шығарылатын автокөліктердің құны 100 миллион сомнан асады. Қазіргі таңда аталған жағдайға байланысты тергеу жұмыстары да басталған.

Тағы бір айта кетерлік жайт, құжаттардың барлығын арнайы түпнұсқадан айыру қиын. Тек, автокөлікке берілетін заңды құжаттың сапасы ғана бірден айыруға мүмкіндік береді екен. Бұл іске қатысы бар деген күдікпен Қырғыз елінің төрт азаматы және Шу-Кемін аймағының қызметкері жауапқа тартылуда. Қомақты қаржыдан тұратын кәсіпке өзге қандай лауазымды тұлғалар мен азаматтардың қатысы бар екендігі анықталу үстінде.

Негізінен Қырғыз еліне кірген көліктердің көбі Шығыс Еуропадан тасмалданған. Сапасы жақсы, жүріске ыңғайлы көліктер қырғыз елінің тұрғындарына бірден ұнайтындығы сөзсіз.

Арнайы фотосалон ретінде ашылған жасырын ЦЕХ, барлық көліктердің құжаттарын рәсімдейтін орын болған. Бішкек қаласында орналасқан құпия орынның қандай жұмыстармен айналысып жатқанымен көптеген тұрғындар бейхабар болып шықты. Осылайша, суреттердің өңдеп, халыққа шағын кәсіпті ұсынған азаматтар қомақта қаражаты бар жұмыстарды жасырын түрде жасап келген.

“The Qazaq Times”