Қытайдың www.inews.ifeng.com сайты 18 ақпан күні Шияңгаңның (Хонгонг) «Жазбалар» газетынде сілтеме жасап мынаны жазады: «Жүндес піл» мұздық дәуірінде европа, азия, африка және солтүстік америка құрылықтарында өмір сүрген. Климат өзгерісіне байланысты бұдан 4 мың жыл бұрын тұқымы құрыған. Ал, ген инженерлік техникасының күн санап дамуына байланысты Жүндес піл қазіргі азия пілінің денесі арқылы «Тірілмек» . Харворд университетінің ғалымдары ген арқылы тірілту зерттеуін бастап, Ресейдің Сбериясында мың жылдықтар бойы мұз құрсанып қатып қалған Жүндес пілдің DNA- ын алып, ген көшіру тәжірибелері арқылы тұқым жағынан жақын деп саналған азия пілінің генімен біріктірген. Олардың мәліметінше, енді екі жылда осы сынақ жүзеге асып, азия пілінің құрсағында жетілген, терісі сірі, денесі ірі, құлағы кішкене, суыққа төзімді «Жаңа тұрпатты Жүндес піл» жүртпен жүздеседі екен.
Әділет Ахметұлы
«The Qazaq Times»


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті