Еуропа Одағы Донбасстағы сайлауға қатысы бар адамдарға санкция енгізу туралы шешім шығарды.
Брюссельде өткен жиында Ресейдегі және оған жақын аймақтардағы жағдайлар талқыланып, Украина шығысындағы Ресей қолдау көрсететін сепаратистік аймақтарда сайлау өткізгені үшін тоғыз адамды қатаң қаулы тізіміне қосу туралы шешім шығарды. Ал қарашада болған сайлау Минск келісіміне қайшы деп танылды. Санкция тізімінде Донецк пен Луганск өкілдері болуы да мүмкін.
Жиын кезінде Киев пен Мәскеу текетіресі де талқыланды. Осыған дейін АҚШ Ресей әрекетін «агрессиялық саясат» десе, Германия СІМ 2014 жылғы Қырым аннексиясы мен Керчьтегі жағдайды ескере отырып, Ресейге қарсы санкцияны күшейтетінін айтқан. Сондай-ақ Еуропалық Одақ құрамындағы мемлекеттер және НАТО толығымен Украинаға қолдау білдірді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді