Францияда сарылардан құралған топтың наразылық акциялары әлі де жалғасып жатыр.
Халық толқуын басу үшін Франция үкіметі жанармай салығын алдағы жылдары көтермейтінін айтқан болатын. Осыған байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон салықты өсіруге 6 айға дейін шектеу енгізіп, газ бен электр энергиясы бағасын өсіруге де уақытша тыйым салу туралы шешім шығарды. Алайда, сарылар бұл шешімге тағы да қарсылық білдіріп, кезекті мәрте ауқымды шеру ұйымдастырды. Елдің премьер-министрі Эдуар Филипптің айтуынша, жергілікті билік наразы топ жиналатын алаңға алдын-ала тоқсан мыңнан астам тәртіп сақшыларын орналастырған.
Айта кетейік, салықтың көтерілуі мен қымбатшылыққа қарсы ұйымдастырылған шеру үш аптаға созылды. Өткен аптада шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, қақтығыс салдарынан 130 адам жараланған. Оқиғадан соң Париждегі Салтанат қақпасы ауданында полиция жанармай салығын көбейтуге қарсылық білдіріп шеруге шыққан наразыларды тоқтату үшін пиротехникалық гранаттар қолданған. Сарапшылар шеруден келген шығын шамамен 3 миллион еуро болатынын айтады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел