Александр Лукашенко: «Біздің одақтасымыз да, бәсекелесіміз де Ресей» - деп мәдімдеді
6 желтоқсан күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық экономикалық одақ саммиті өтті. Саммитке одаққа мүше Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Армения елдерінің мемлекет басшылары қатысты.
Бас қосу барысында Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ жұмысына қатысты пікір білдірді.
«Мен біздің одағымыздағы теңдік жөнінде бір мысал келтіргім келеді. Дәл қазір Газпром Беларуське газ тасымалдағаны үшін 1 мың шаршы метр газға 3 доллардан алады. Ал Ресейдің өз ішіндегі тариф 1 долларды құрайды. Беларуське келетін газ бағасы үш есе қымбат... Өкінішке немесе қуанышқа орай біздің одақтасымыз ФРГ емес, Ресей Федерациясы. Біздің негізгі одақтасымыз да, бәсекелесіміз де ресейліктер. Барлығы айтады, бізді Беларусь, МАЗ сияқты өнімдер шығарады деп. Бірақ сіздер жақсы білесіздер, осы өнімдердің 60 пайызы Ресейден алынады. Сол себепті біздің негізгі әріптесіміз Ресей Федерациясы. Бізге ең маңыздысы бауырлас Ресейдің Беларусьпен тең дәрежеде қарым-қатынас орнатуы» - деп мәлімдеді Лукашенко.
Бірақ кейіннен Лукашенко өзінің көпшілік алдында пікір таластырғаны үшін Ресей президенті Владимир Путиннен кешірім сұрады.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды