Жапон жағалауында АҚШ әскери ұшақтары соқтығысты.

АҚШ әскери теңіз корпусы баспасөз қызметінің мәліметінше, желтоқстан айының 5-інен 6-ына қараған түні Жапония жағалауында F/A-18 бомбалаушы ұшағы мен КС-130 танкер ұшағы соқтығысқан. Екі ұшақта АҚШ-тың Ивакуни әскери базасынан ұшып шыққан.

CBS телеарнасының хабарлауынша, КС-130 ұшағының бортында 5 адам, F/A-18 ұшағының бортында 2 адам болған. Қазіргі таңда ұшақтарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. ABC телеарнасының мәліметінше, іздестіру жұмыстары нәтижесінде Жапония қарулы күштері бір ұшқышты тапқан.

"The Qazaq Times"