Иран армиясы АҚШ-қа соққы жасауға дайын.
Иранның әуе-ғарыш әскери күштерінің басшысы Әмір Әли Хаджизаденың сөзінше, Иран зымырандары АҚШ-тың Ауғанстан, БАӘ және Катардағы әскери базалары мен Парсы шығанағындағы ұшақ тасымалдағыш кемелерін атуға қауқарлы және дайын.
«Теһран мен Уашингтон қарым-қатынасы күннен күнге ушығып барады. Қажет болған жағдайда Иран армиясы АҚШ-қа соққы жасауға дайын. Егер олар бізге қарсы бір қадам жасайтын болса, біз оларға соққы жасаймыз» - деп мәлімдеді Хаджизаде.
Естеріңізге салайық, мамыр айының 8-і күні АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеді. Кейіннен Ақ үй әкімшілігі Теһранға 2015 жылы салынған санкцияларды қайтадан енгізетінін айтты.
"The Qazaq Times"


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?