2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйел адамдардың зейнет жасы 59-ға көтерілмек. Себебі, бірнеше жыл бұрын қабылданған заң бойынша олардың зейнет жасы жыл сайын жарты жылдан өсіп отырады. Осылайша 2027 жылы қазақстандағы әйелдер де 63 жасында өзінің жұмыс жолын толығымен аяқтамақ. Мұндай өзгеріс қазіргі таңда 1960 пен 1964 жылдар аралығында туған қазақстандық азаматшаларға қатысты.
Кейбір заң ережелеріне сай қазақстандықтар зейнет жасына ерте шығу да қарастырылған. Семей ядролық қару полигонында өмір сүретін әйелдер 45 жасында зейнетке шықса, 5 және одан да көп баласы бар аналар 53 жаста зейнетке шыға алады. Сонымен қатар зейнетақы қорындағы қаражаты жеткілікті болған әйелдер де 50 жасында өз еркімен жұмыстан босауына мүмкіндігі бар. 2018 жылы бұл сомма 13,5 миллион теңгені құраған болатын.
Ал, «Eximar» форсайтинг агенттігінің директоры Айман Тұрсынхан өзінің зейнетақы қоры туралы ойының мүлде екендігін айтқан еді.
“Зейнетақы қорындағы қаржы қаупі тым жоғары облигацияларға, құлдыраудың алдында тұрған банктерге және бюджет дефицитін жамауға жұмсалады. Салымшылардың қаржысы жұмыс істемейді. Қордан ақша алатындар саны бес жылдан бері өсіп келеді. 2015 жылға дейін зейнетақы қоры салымдарды жинап келсе, енді жыл сайын қаржының 30 пайызын жұмсайтын болды. Жаңа салымшылардың келуі бәсең. Бұл таяу бес жылда БЖЗҚ-ның ақшасының таусылуына әкеп соғады” деп мәлімдеген болатын.