Алдағы екі жыл ішінде Қазақстан  Қытайға қарай 20-дан астам ауылшаруашылық өнімдерін экспорттайтын болады. Бұл туралы Ауылшаруашылық министрлігі хабарлап отыр.

Мекеме басшысы Өмірзақ Шүкеев Қытайға бағытталған іс-сапары кезінде аталған мемлекеттің Кедендік бақылау орының басшысы Юи Гуанжумен кездесті. Екі лауазымдылары кездесу барысында алдағы екі жыл ішінде Қазақстаннан Қытайға экспортталатын өнімдердің жоспарын бекітті. Сонымен бірге Жол картасына қол қойды.

Қазірге дейін Қытаймен 13 түрлі тауар жеткізу жөнінде келісімге қол қойылған.  Бұдан бөлек, тағы да үш хаттама бекітілді. Бұларға ҚР үкімет басшысы Қытайға ресми сапары барысында қол қоятын болады.

Мәліметке сәйкес, Қазақстан Қытайға құс өнімдерін, еттің шикідей түрлері (қой, жылқы және басқа да) сонымен қатар тірідей іріқараларды тасмалдайды. Ал, ауылшаруашылық өнімдерінен рапс, мақсары, қарақұмық, асбұршақ, бұршақ, күнжіт және көкөністер мен жемістердің бірнеше түрі экспортталатын болады.

Қазақстандық делегация негізінен Қытай еліне China International Import Expo импорттық тауарлар көрмесін көруге келген. Аталған шара Халықаралық ауқымды оқиғалардың бірі. Онда 130 елдің әртүрлі компаниялары қатысады. Шара барысында Қазақстанның өзінен 30-ға жуық компания өздерінің тағамдық өнімдерін таныстыра алды.

Көрме барысында «Сауда және инновация» тақырыбындағы форум өткізілді. Жиынға түрлі халықтардың делегация басшылары, үкімет министрлері мен Еуро Одақ елдерінің министрлері қатысқан. Бұдан бөлек, атақты  Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс және Alibaba басшысы Джек Ма (Ма Юн) қатарлылар бар. Сондай-ақ Өмірзақ Шүкеев өзінің Қазақстандағы ауылшаруашылығына инвестиция салудың пайдасы туралы баяндамасын ұсынды.

Қытайлық кәсіпкерлер көрме кезінде Павлодар облысында қант зауытын салуға қызығушылық танытты. Мұны ары қарай зерттеу үшін, Қытайдың ең үлкен үш компаниясы жақын уақытта Қазақстанға ат басын бұруды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, Астанада астық өндіру мен кеспе өндірісін дамыту үшін зауыт құрылысын бастау туралы қазақстандық Qazaq Capital Partners және қытайлық  Wudeli Flour Group Co. LTD арасындағы келісім жасалды.

Жалпы алғанда, ауылшаруашылық министрлігі Қытай компанияларының Қазақстанның ауылшаруашылығына үлкен қызығушылық танытып отырғандығын және де болашақта машина жасау, ет өндіру, жем-шөп өндіру, логистика және ауылшаруашылық меркетингіне инвестиция кіргізуді жоспарлап отырғандығын мәлімдеді.

Десе де, мұндай келісімдердің  өз қиындықтары бар болғандығын да айта кету керек. Мысалы, банктық есептер, арбитраждар мен сақтандыру және импорт пен экспортты несиеге рәсімдеу сынды дүниелерден Қазақстанның сырт қалғандығы, Қытаймен арадағы сауда теңдігін ұстауға мүмкіндік бермеген. Осылайша түрлі талқылаулар мен әртүрлі көзқарастар да орнады. Ал, қазіргі кезде сауда-саттық жүйесінің дамуы қарқынды түрде жүріп жатқанымен, Қазақстан тарапы толықтай жоғарыдағы мәселелерді орындады деп айту қиын. Сондықтан, қазірдің өзінде де аталған келісімдер тек бір жақтың пайдасына жұмыс істеп отырғандығы рас.

“The Qazaq Times”