АҚШ үшін ең қауіпті Қытайдың әскери қуаты.
АҚШ қарулы күштерінің бірлескен штаб басқарма комитетінің басшысы Жозеф Данфордтың сөзінше, 2025-2035 жылдарға қарай Америкаға әскери қуаты жағынан Ресей емес, Қытай қауіп төндіреді.
«Біз өзіміздің қадамдарымызды 2025-2035 жылдарға қарай ыңғайлауымыз керек. Сол кезде біз Қытайдың алдында боламыз. Мен 2025-2035 жылдары Ресей Қытай сияқты қауіп төндіреді деп ойламаймын. Олар дәл қазір жасап жатқан дүниелерін сол уақытқа дейін ұстап тұра алмауы мүмкін. Аладғы 20-30 жылда Қытай қаупінен көзімізді алмауымыз қажет» - деді Данфорд Дьюк университетінде сөйлеген сөзінде.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп «алда келе жатқан сайлауда Ресейден қарағанда Қытай қауіптірек» деп мәлімдеген.
"The Qazaq Times"