АҚШ Еуроодаққа ультиматум қойды.
Fox News телеарнасына сұхбат берген АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: «Еуроодақ компанияларына Құрама Штаттар және Иранмен бірге бір уақытта бизнес жүргізуге рұқсат жоқ. АҚШ Еуроодаққа екі бағытта сауда жасауға жол бермейді» деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, 2 қараша күні Ақ үй әкімшілігі ядролық келісімге байланысты бұған дейін алынып тасталған санкциялар Иранға қайтадан салынатынын мәлімдеген.