Апатқа ұшыраған индонезиялық ұшақ бортындағы «қара жәшік» табылды.
«Detik» ақпарат көзінің мәліметінше, 1 қараша күні құтқарушылар тобы апатқа ұшыраған «Boeing 737» ұшағының «қара жәшігін» тапқан. Құрылғы ұшақ құлаған аймақта 30 метр тереңдіктен шығарылған.
Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Индонезияның «Lion Air» әуе компаниясына тиесілі «Boeing 737» жолаушылар ұшағы Жакартадан (Джакарта) Банка аралындағы Панкалпинанг қаласына бет алған жолда апатқа ұшыраған. Ұшақ әуеге көтерілген бетте 10 минуттан кейін радардан жоғалған. Индонезиялық БАҚ-тың айтуынша, ұшақта 178 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды