АҚШ шетелдік пропагандадан қорғану мақсатында ғаламдық өзара іс-қимыл орталығына 45 миллион доллар қаражат бөлді.
2017 жылдан бастап Ресейдің саяси ықпалына қарсы күрес жүргізе бастаған орталық жалпы әлемдік ақпараттық қауіптен сақтануды қолға алмақ. Америка Мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысы Роберт Палладиноның хабарлауынша, ғаламдық өзара іс-қимыл орталығына бөлінген қаражат Қытай, Ресей, Иран, Сүрия сынды мемлекеттердің ақпараттық соғысынан қорғануға арналған. Сондай-ақ шетелдік аудиторияның ақ-қарасын ажыратып, үгіт-насихаттан сақтандыру арқылы ақпараттық технологияны дамытуға күш жұмсалады.
Айта кетейік, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға арналған ғаламдық өзара іс-қимыл орталығы экс-президент Барак Обама билігі кезінде жүзеге асқан болатын. Алғашқы кезде аталған орталық «Ислам мемлекеті», «Мұсылман бауырлар» террорлық ұйымына қарсы құрылған. Қазіргі уақытта ақпарат саласын шетелдік «қоқыстан» тазарту мақсатында біршама іс атқару жоспарланған.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?